Азаша слайдтар Bigox. Kz азаша

21.12.2014
Просмотров: 1282

Жрек-ан тамырлары жйесіні

Сабақ тақырыбы: Жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу. Сабақтың мақсаты:

 1. Жүрек қан –тамырлар жүйесінің ауруларымен танысу

 2. Аурудың алдын алу туралы түсінік қалыптастыру

 3. Денсаулық сақтау жайында ұғымды насихаттау.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Әдіс-тәсілдері: Жеке, топтық жұмыс.

Көрнекілік: Иллюстративті материалдар және практикалық жұмысқа қажетті заттар.(Перфокарталар, дәке, иод, т.б.)

 Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа дайындау

 2) Үй тапсырмасын сұрау

А) Жүрек және оның құрылысы қандай?

 - Жүрек қан-тамырлар жүйесінің орталығы. Ол адам ағзасының кеуде тұсында көкірек қуысының сол жақ тұсында орналасқан, піші конус тәрізді, салмағы 250-300 гр маңызды мүше. Жүрек үш қабаттан тұрады:

1) Эпикард-сыртқы қабат

2) Миокард-бұлшық етті қабат

3) Эндокард-ішкі қабат. Жүрек төрт бөлімнен тұрады. Екі жүрекше(оң жақ, сол жақ) Екі қарынша (оң жақ, сол жақ) Араларын қақпашалар жауып тұрады.

Б) Жүрек қандай қызмет атқарады?

 -Жүректің жұмысы қанды айдау. Жүрекшелермен қарыншалардың кезектесіп, жиырылып босауынан денеге биоэлектрлік сигнал тарайды. Оны саусақтың ұшымен блезіктің тұсынан білуге болады немесе арнайы құрал арқылы ирек сызықтарды жазып алуға болады. Оны электрокардиограмма деп атайды.

 В) Қан денеде қалай қозғалады?

 Қан дәнекер ұлпаларынан түзілген ішкі ортаны құрайтын сұйық зат. Оның құрамы қызыл түйіршіктер- эритроциттерден, ақ түйіршіктер-лейкоциттерден , қан сұйықтығы-тромбоциттерден тұрады. Қан ағзаны 3 түрлі тамырлар бойымен ағып өтеді.

 - Артериялық қан тамырлар;

 - Веналық қан тамырлар;

- Капиллярлар Денені қан екі шеңбер бойымен айналады: Жүректен шыққан қан мүшелерге және өкпеге қарай бағытталады. Мүшелерге оттегін және қоректік заттарды жеткізіп, мүшелнрдегі артық заттарды сіңіріп жүрекке қарай ағады, бұл үлкен шеңбер өкпеге көмірқышқыл газын беріп, оттегіні сіңіріп жүрекке қайта құяды, мұны кіші шеңбер деп атайды.

2) Венн диограммасы (топтық жұмыс)

 -жүрек қабаттары-тамыр түрлері.

 Д)  қысым

 -Қан жүректің ритимі нәтижесінде қысыммен тамырларға түседі.Бұл жерде қысым жоғары болады жүректен алыстаған сайын қысым төмендейді. Артериялық қысым дегеніміз-жүрек жұмысы кезінде қанның тамыр қавбырғасына түсетін қысымы Артериялық қысым дегеніміз жүрек - тамыр жүйесінің жұмысының маңызды көрсеткіші егер қысым 150мм. Сынап бағанасына көтерілсе мұны жоғарылау дейді – гипертония 70 – 80мм..сын.бағ. төмендесе гипотония деп атайды.Қан қысымын өлшейтін құралды-тонометр деп атайды.

 3.Оқушы білімін тексеру

 А)Жүрек-қан тамырлар жүйесі жұмысының бұзылуына не себеп болады?

 Б)жүрек – қан тамырлар жүйесінің қандай ауруларын білеміз?

 4. Сабақ мақсатын қою.

 5.Жаңа сабақ.

 -ХХ ғасырдағы өмірдегі индустриялық (өндіріс ошақтарынын дамуы) урбанизация (халықтың шоғырлануы ) миханизацияның қарқынды дамуы эканомикасы дамыған мемлекеттер халықтары арасында жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары жаппай құбылысқа айналуына себеп болды.Көптеген экономикасы дамыған мемлекеттерде де жүрек – қан тамырлар жүйесінің аурулары мүгедекке соқтырып немесе өлімге себепші болып отыр. Европада жыл сайын үш млн адам қаза табады. АҚШ-та 1 млн 65 жасқа дейінгі еңбекке жарамды адамдар осы аурудың құрбандары болып отыр. Ресейде де бұл аурулардың түрлері өлімге себепші болып отыр. Біздің елімізде де осы жүрек қан-тамырлары жүйесінің аурулары белең алып отыр. Жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары көп түрлі.

Жүрек аурулары- жүректің ишемиялық аурулар немесе тамырдың гипертониялық аурулары болып бөлінеді.

 Ауру түрлері:

 Атеросклероз-(грекше –бидай ботқасы) артерия қабырғасына май массасының жиналуы, холестериннің көбеюі, қанның қоюлануы.

 Миокард инфарктісі- жүрек бұлшық етінің жансыздануы. Кенеттен болған физикалық, псикикалық жүктеме әсер етеді. (стрец)

 Жүрек аритмиясы-жүректің қозу импульсінің ритмі немесе жирылу қарқынының бұзылуы.(Электрокардиограмма)

Қан қысымның көтерілуі- жас ұлғайғанда артерия тамырларының қабырғасының серпімділігі төмендеп, қатайып қуысы тарылады. Қысымның көтерілуінен тамыр жарылып, миға қан кетуі мүмкін. Аяқ-қолы тартылып, сал- паралич орын алады. (200 мм сын. бағанасы) 70-80 мм сын. Бағанасына төмендесе бас ауырып, жүрек айнып, құлақ шуылдайды.

Вена тамырларының кеңеюі- ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып жұмыс істейтіндердің аяқтың вена тамырлары кеңейіп, сол жерге қан ұйық пайда болады.

Жүрек кемістігі(парок сердца)-жүрекше мен қарынша арасындағы қақпашалардың дұрыс жұмыс істемеуінен қан іркіліп жүректе шу пайда болады.

Қан аздық (малокровие, анемия) –гемоглавиннің жетіспеушілігінен эритроциттердің азаюынан болатын ауру. (қан кету, оттег жетіспеушілігінен туындайды.)

 Ақ қан ауруы- лекоциттердің көбейуінен эритроциттердің түзілуіне кедергі жасайды.

 Жүрек қан-тамырлар жүйесіне кері әсер ететін зиянды заттар: Ішімдік, алкоголь құрамындағы сивуш майы тамырдың кеңейуін тудырып, жүрекке салмақ түсіреді. Темекі, құрамындағы никотин керісінше тамырды тарылтып, қанның жүруіне кедергі жасайды. Аурудың туындауына тамақтың құрамының әсері де зор(технология пәні) Майлы, тұзды, кептірілген, қуырылған тамақтар қандағы холестеринді көбейтеді.

 Қан тамырлары ауруы қан кетумен түсіндіріледі(орыс тілі).

 №10 зертханалық жұмыс.

Қан кетудің үш түрі ажыратылады.

-Артериялық

 -Веналық

 -капилярлық

Қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмекті жасап көрсету.

Терминологиялық сөздікпен жұмыс.

Жүрек қан-тамырлары жүйесі ауруларының алдын алу жолдары.

Салауатты өмір салтын ұстану:

 -денешынықтыру

 - зиянды заттардан сақтану;

- күн режімін сақтау.

 6. Бекіту.

А) тест (перфокартамен жұмыс)

 1. Никотиннің әсерінен алақандағы жылудың таралу деңгейін көрсететін құрал.

 А)тонометр  -в) тепловизор С) электрокардиограф

 2. Тамырдан қан кетудің қайсысы қауіптірек?

 -а) артериялық В) веналық С) капилярлық

3. Инфаркт миокарда қандай ауру?

А) қан қысымының көтерілуі -в) жүрек бұлшық етінің жансыздануы; С) тамырдың тарылуы.

4. Қан аздық ауруының себептері

А) туа біткен кемістік: -В) гемогловиннің төмендеуі С) қанның ұюы

 5. Жүрек қан тамырлары жүйесі ауруларының алдын алу

А) қан құю В) дәрігерлік тексеруден өту -с) салауатты өмір салтын ұстану.

 В) Топтастыру( перфокартамен жұмыс)

Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларының түрлерін жазу.

 С) Сұрақ –жауап(ауызша)

 7. Қорытынды.

Технология пән:і Күнделікті тамақ рационын қадағалау. Қайнатылған, бұқтырылған тамақтарды пайдалану. Көкөністермен жеміс-жидектер қорын молайту.

Орыс тілі пәні: Жүрек қан-тамырлар жүйесін емдейтін дәрігерді кардиолог деп атайды. Үнемі тексеруден өтіп тұру керек.

 Денешынықтыру пәні: Салауатты өмір салтын ұстану, дені сау азамат болу деген сөз.

 Биология пәні: «Денсаулық басты байлық» Халық қағидасы «Адамда бәрі тамаша, бәрі әдемі болу керек» А.Чехов. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік»

8. Үйге тапсырма. Бағалау §40 Алғашқы көмек түрлеріне жаттығу

 

Источник: http://caken.ucoz.ru/load/12-1-0-36

Комментарии к Атеросклероз миокард инфарктісі

  1. 10.12.2014 | WaRRioRKoLoMnA

    Сабақ тақырыбы: Жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу. Сабақтың мақсаты.